
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 1 қазанда сағат 18:00 – де Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлайды: 3 кандидат ұсынылды «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Рыспеков Санджар Кунанбаевич, өзін-өзі ұсынғандар – Жумажанова Маххабат Кенжетаевна, Мукурова Алия Бейсембаевна.
Кандидаттардың орташа жасы - 33 жас. Ең жас кандидат - 28 жаста, кандидаттар арасында ең үлкен жас - 42 жаста.
Мамандықтар бойынша – барлық 3 үміткер мұғалім.
Ұсынылған 3 адамның 3-і МҚІА талаптарына сәйкес тексеруден өтті.
Кандидаттарды тіркеу 6 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.