Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары «Федоровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Осы «Федоровка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) қызметкерлері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және құндылық және моральдық бағдарлар жүйесін құру жолымен мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.

Қоғамдық қатынастар саласының атауы: Тереңкөл ауданы Федоровка ауылдық округінің аумағында мемлекеттік жергілікті басқару саласындағы басшылық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Федоровка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік қызметшілер мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауға міндетті:

заңдылық қағидатын басшылыққа алу;

• мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуге;

• Мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтау және нығайту;

• жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау;

• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;

• қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеу;

• мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті.

• басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу;

• өзінің лауазымдық өкілеттіктерін жеке немесе жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануына жол бермеу;

• Мемлекеттік қызметке кіру және Мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар беруге (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық) жол бермеу;

• шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетуге жол бермеу;

• кәсіпкерлік және табыс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болса да Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуге жол бермеу;

• мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалануға жол бермеу;

• берілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеке және заңды тұлғаларға ақпараттан негізсіз бас тартуға не оны кешіктіруге, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге жол бермеу;

• жеке немесе заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында осы тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты талап етуге жол бермеу;

• ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар беруге және қызметтік емес қызметтер көрсетуге жол берілмейді;

• жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтіруге жол бермеу;

• өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге де адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауға жол берілмейді;

• мемлекеттік қызметші білмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиісті функцияларын осы тармақшаның бірінші абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтер үшін ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс.

• өзіне сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен оларды аталған қордан тиісті жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттік қор республикалық бюджетке аударады;

• кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге де мүлікті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануға жол берілмейді.

• Мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелері аталған адам қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебінен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттік қызметші өзінің отбасы мүшелері заңсыз алған сыйлықтарды жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелері құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару арқылы өтеуге міндетті;

• Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады;

• Мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу

бойынша шаралар қабылдауы тиіс;

• Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте мемлекеттік қызметші өзінің тікелей басшысын немесе мемлекеттік органның басшылығын ол туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті;

• Тікелей басшы немесе мемлекеттік органның басшылығы мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын, оның ішінде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға тиіс:

• мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыру;

• мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін өзгерту;

• мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шараларды қабылдау.

• Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.

• Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс;

• Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс.

• Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті;

• Жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдануға міндетті;

• Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс

Дата публикации
28 сентября 2021
Дата обновления
28 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы