Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

«Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi» (әрi қарай — Бөлiм) мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметкерлерiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» Заңының 10 бабына және құндылықтар мен моральдық бағдарлар жүйесін құру арқылы мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.

Қоғамдық қатынастар саласының атауы

Тереңкөл ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы:

«Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекеттері) қағидалары

Осы салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру:

Қызметкерлер өз қызметтерiнде мiндеттi:
- заңдылық, ашықтық, әдептілік принциптерін, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;

- жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

- Заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу;

- қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;

- адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;

- туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өздеріне белгілі болған сәтте тікелей басшысына немесе Бөлім басшысына жазбаша нысанда хабарлау;

- қызмет бабын теріс пайдалануға, қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде негізсіз төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық көріністеріне жол бермеу;

- басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу.

Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністеріне төзбеушілік таныту;

- лауазымдық өкілеттіктерді орындауға қатысы жоқ және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар шығаруға жол бермеу;

- лауазымдық міндеттерді орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмау;

- қарамағындағы қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;

- қарамағындағы қызметкерлерге қатысты олардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдалануға жол бермеу және оларды құқыққа қарсы әрекеттер жасауға мәжбүрлемеу;

- адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;

- өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;

- іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау;

- лауазымдық өкілеттіктерін атқаруына байланысты сыйлықтар қабылдамау және қызметтер алмау;

- меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу;

- үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе қамқорлық жасаудан, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан тартыну;

- әріптестер қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту.

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

- Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін сыбайлас жемқорлық құқық нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында әзірлеушісі Бөлім болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
- нормативтік құқықтық актіні қабылдау құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда ғана осы актіні қабылдауды қамтамасыз ету;

- азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қоғамдық кеңеске жолдау, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Ашық НҚА» порталында орналастыруды қамтамасыз ету;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың туындауына ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына жол бермеу.

Өмір сүру саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа қатынастар кезінде:

- мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;

- ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал ету;

- жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелділікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспау;

- қызметтік міндеттерін тиімді атқару мақсатында өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі арттырып отыру;

- Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде табысы мен мүлкі туралы декларацияны нысан бойынша ұсыну;

- Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;

- жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеу.
Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

- сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын ұстануға және 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға міндетті;

Бөлім басшысының лауазымдық өкілеттігі шегінде шығарылған бұйрықтарын орындайды.

 

Дата публикации
24 сентября 2021
Дата обновления
24 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы