Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

"Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары

Осы "Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және құндылық және моральдық бағдарлар жүйесін құру жолымен мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.
Қоғамдық қатынастар саласының атауы: Тереңкөл ауданы аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: "Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілер мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауға міндетті:
* заңдылық қағидасын басшылыққа алу;
* мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуге;
* Мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға • ;
* жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау;
* Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
* қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеу;
* мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті.
* басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу;
* өзінің лауазымдық өкілеттігін өзінің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануға жол бермеу;
* Мемлекеттік қызметке кіру және жоғарылату кезінде заңда көзделмеген артықшылықтарды (протекционизм, отбасылық) беруге жол бермеу;
* шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетуге жол бермеу;
* кәсіпкерлік және табыс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болса да Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуге жол бермеу;
* мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалануға жол бермеу;
* ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеке және заңды тұлғаларға ақпараттан негізсіз бас тартуға не оны кешіктіруге, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге жол бермеу;
* Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуге жол бермеу;
* ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар беруге және қызметтік емес қызметтер көрсетуге жол берілмейді;
* жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтіруге жол бермеу;
* өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауға жол берілмейді;
• мемлекеттік қызметші білмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиісті функцияларын осы тармақшаның бірінші абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтер үшін ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс.
* сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен оларды аталған қордан тиісті жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттік қор республикалық бюджетке аударады;
* кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге де мүлікті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануға жол берілмейді.
* Мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелерінің аталған адам қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебінен қызметтер көрсетуді, туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметші өзінің отбасы мүшелері заңсыз алған сыйлықтарды жеті күн мерзімде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелері құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару арқылы өтеуге міндетті;
* Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады;
* Мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша шаралар қабылдауы тиіс;
* Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте мемлекеттік қызметші өзінің тікелей басшысын немесе мемлекеттік органның басшылығын ол туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті;
* Тікелей басшы немесе мемлекеттік органның басшылығы мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, оның ішінде::
мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыру;
мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін өзгерту;
мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шараларды қабылдау.
• Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.
• Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бір апта мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс;
* Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.
• Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті;
* Жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдануға міндетті;
• Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуі тиіс

Дата публикации
20 сентября 2021
Дата обновления
20 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы