Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2021 жылдың 17 қыркүйекте Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда «2021 жылдың 17 қазанға тағайындалған Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылданды.
Ағымдағы жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды. Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.
Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.
Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы сайлау комиссиясының төрағасы Мартыненко Евгения Владимировна баяндама жасады.
Ол кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, яғни 18 қыркүйекте және сайлау өтетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 1 қазанда аяқталатынын хабарлады.
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 6 қазанда сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын аяқталады.
Сайлау қорытындылары аудандық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

Дата публикации
17 сентября 2021
Дата обновления
17 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы