Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Тереңкөл ауданының Байқоныс, Бобровка, Воскресенка, Федоровка ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2021 жылғы 14 шілдеде Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы сайлау комиссиясының төрағасы Мартыненко Евгения Владимировна баяндама жасады.

Ол 2021 жылғы 14 шілде сағат 18-дегі жағдай бойынша Тереңкөл ауданының сайлау комиссиясы Тереңкөл ауданы ауылдық округтері әкіміне ұсынылған 12 кандидаттың 12-ін тіркегенін хабарлады.

Тіркелген кандидаттар қатарында 8 (67%) ер адам және 4 (33%) әйел адам.

Мамандықтар бойынша: 1 – заңгер, 8 - педагог, 2 - инженер, 1 - мәдениет қызметкері.

Кандидаттар арасында: 3 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері; 9 - мемлекеттік қызметшілер.

2021 жылғы 14 шілде сағат 18.00-ден бастап Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 24 шілде күні сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

Тереңкөл ауданының ауылдық округтеріне әкімдікке кандидаттардың тізімі:

  • Байқоныс ауылдық округі

 

р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)   

 

 

Туған жылы

 Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері

1

Аубакиров Ренат Бейсенұлы

1987

"Тереңкөл ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ спорт секторының меңгерушісі

Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі, 120 үй, 13 пәтер

2

Жұмасанова Айнагүл Зейноллақызы

1979

Тереңкөл ауданының полиция бөлімі, жетекші маман

Тереңкөл ауылы Сейфуллин көшесі, 133

3

Молдагельдинов Дулат Жасуланұлы

1980

«Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкім,

 Байқоныс ауылы, Алтынсарин көшесі 3, 1 пәтер

 

  • Бобровка ауылдық округі

 

р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)   

 

 

Туған жылы

 Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері

1

Мұханов Азамат Әнуарбекұлы

1986

«Тереңкөл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры

Тереңкөл ауылы Талипов көшесі 16 үй  2 пәтер

2

Умаров Руслан Жұмабайұлы

1977

«Бобровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкім

Жаңабет ауылы Молодежная көшесі, 2-үй, 1 пәтер

3

Шевченко Алёна Васильевна

1993

"Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маман

 Воскресенка ауылы, Элеваторная көшесі, 1 үй

 

  • Воскресенка ауылдық округі

 

р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)   

 

 

Туған жылы

 Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері

1

Джумалинов Данияр Болатұлы

1980

"Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімнің орынбасары Тереңкөл ауылы Тургенев к-сі, д. 73 үй, 2 пәтер

2

Жаркина Оксана Васильевна

1970

«Воскресенка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкім

 Воскресенка ауылы, Целинная көшесі 4

3

Қаббасова Зәуреш Сапарбекқызы

1972

"Тереңкөл ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ директоры

 Тереңкөл ауылы Елгин к-сі, 12 үй

 

  • Федоровка ауылдық округі

 

р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)   

 

 

Туған жылы

 Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері

1

Алтаев Қуандық Ромазанұлы

1974

«Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман

Тереңкөл ауылы, Торайғыров көшесі 141  4 пәтер

2

Куставлетов Ерик Баянұлы

1968

«Федоровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкім

 Федоровка ауылы, Ломоносов көшесі, 10

3

Садвакасов Серик Нургалиұлы

1975

«Тереңкөл ауданының БЖСМ» КМҚК директоры,

Тереңкөл а. Сураганова көш. 123 үй

 

Дата публикации
16 июля 2021
Дата обновления
16 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы