
Тереңкөл ауданы әкімдігінің «Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі «Тереңкөл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 120/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Тереңкөл ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.
Қаулы жобасы 2021 жылғы 8 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.