
2021 жылғы 9 шілдеде сағ. 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 4 сайлау округінде 12 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 6 (50%) – саяси партиялармен, 6 (50%) – өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Саяси партиялар 4 сайлау округі бойынша кандидатураларды ұсынды: «Nur Otan» партиясы 4 кандидат, Ақ Жол – 1 кандидат, КХП – 1 кандидат.
А.ж. 9 шілдесі жағдайына барлық округтерде кемінде екі адамнан ұсынылды.
А.ж. 10 шілдесі жағдайына 12 кандидат тіркелді (100%).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9-тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-тарда жарияланады.