
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабы, 3 тармағына сәйкес аудандық «Тереңкөл тынысы» газетінің редакциясы 2021 жылға белгіленген «Ауыл әкімдерін сайлауға» дайындалу және жүргізуіне байланысты редакцияның ақпараттық қызмет көрсетуіне ақы төлеу мөлшері мен түрлерін, материалдарды қабылдау туралы ақпарат жариялайды.
Кандидаттардың өмірбаяндық мәліметтерін, сайлау алдындағы бағдарламаларының ережелері мен фотосуреттерін орналастыру үшін газет көлемінің бір квадраттық сантиметрінің бағасы - 200 (екі жүз ) теңге. Сайлау комиссияларының ақпараттық материалдарын орналастыру үшін газет көлемінің бір квадраттық сантиметрінің бағасы - 150 (жүз елу) теңге. Төлем құны – қолма-қол және ақшаны аудару арқылы – алдын-ала төлеу - 100%. Материалдарды ұсыну шарттары:
Өмірбаяндық мәліметтер, сайлау алдындағы бағдарламалардың ережелері мен графикалық бейнелеуі бар материалдар, ақпараттық қызмет көрсету және ақы төлеу кезекті дайындалып жатқан газеттің нөміріне сәрсенбіде кешіктірмей қабылданды (кандидаттың немесе сенімді тұлғаның қолы қойылған қағазда және электрондық түрде ұсынылады-DVD, CD, флеш-сақтаушы және т.б.)
Кандидаттардың мәліметтерін жариялау олардың редакцияға материалдардың тіркелген реттілігіне немесе редакцияға материалдар бірдей түскен жағдайда жеребе бойынша жарияланады.
Сайлау алдындағы ақпараттық және үгіттік материалдарды орналастыру бойынша анықтамалар мына мекен-жайда: 140600, Павлодар облысы, Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі, 85 «а», е-maiI: terenkol_tinisi@mail.ru. телефон (871833) 22-1-13, 21-2-40 (факс)
Тереңкөл ауданы әкімдігінің
«Тереңкөл тынысы» газетінің
редакциясы ЖШС директоры Е.Қамзин