
2021 жылғы 04 шілдеде Бобровка ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Шевченко Алена Васильевна, Воскресенка ауылдық округінің әкіміне-Джумалинов Данияр Болатұлы ұсынды.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады