Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Жағажайлардың шомылу маусымына дайындығын тексеру басталды!

2021 жылғы 21 маусымда Тереңкөл ауданының Теренколь ауылында, Павлодар облысы «ӨСжАҚЖ» ММ жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері Теренколь ауылының жағажайындағы су қоймасының түбіне сүңгірлік тексеру жүргізілді, тексеру барысында 13 қоғамдық құтқарушыға, суға батқандарды құтқару дағдырларына және алғашқы медициналық көмек көрсетуге оқыту жүргізілді.
Қауіпсіздікті құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тексерді. Тереңкөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі (Әрі қарай - ТЖБ) бастығы Сабитхан Мадеев «Су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы» ҚР ІІМ № 34 бұйрығына сәйкес қауіпсіз жағажайға су айдынының түбін сүңгуірлік тексеру актісінің болуы, кемінде 2 арнайы оқытылған құтқарушының кезекшілігі, балалар шомылатын орындарды жабдықтау, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу материалдары бар профилактикалық стендтер орнату, медициналық персоналға арналған бекетті жинақтау, азаматтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге арналған жабдықтардың болуы тиіс екенін атап өтті.
Тереңкөл ауданында әзірге аудан орталығында орналасқан бір жағажай. Егер демалыс орны барлық өлшемдерге сәйкес келсе, онда оған шомылу маусымына «рұқсат» беріледі.
Үгіттеу-профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ тәртіп бұзушыларды анықтау мақсатында Тереңкөл ауданының қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Сондай-ақ, Тереңкөл ауданының ТЖБ жалпы су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін, атап айтқанда шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктер үшін су алу, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында тыйым салынған жерлерде жүргені үшін полиция қызметкерлері әкімшілік бұзушылықтар туралы кодекстің 364-бабы бойынша әкімшілік материал жасайтынын еске салады, сондай-ақ 440-бабы бойынша алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға шыққаны үшін.
Тереңкөл ауданы ТЖБ тұрғындарға рұқсат етілмеген су қоймаларына бармауға кеңес береді. Суда демалуды таңдағанда мұқият болыңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде: 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарласуыңыз сұраймыз.

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы