
16 маусымда «Атамекен» Павлодар облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында субсидияларды беру және алу кезінде ауыл шаруашылығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі, Кәсіпкерлер палатасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, Павлодар облысының ауылшаруашылық басқармасы, сонымен қатар ауылшаруашылық тауар өндірушілері және Облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Ардақ Балғожин әлеуетті алушыларды субсидиялау кезінде ауыл шаруашылығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша жүргізілген жұмыс процестері туралы айтты. Жедел әрекет ету үшін ватцап тобы мен Telegram каналы («Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің субсидиялары PVL») құрылды.
Кездесу барысында ауылшаруашылық тауар өндірушілері субсидиялау жүйесінде өз уақытында араласуды және шешуді қажет ететін өзекті мәселелерді көтерді.
Барлық айтылған сұрақтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне одан әрі жіберу үшін субсидиялау мәселелерінің тізіліміне енгізіледі.
#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы
#РПППавлодар