
Верненка ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бірінші дәрежелі мәнге ие. Бұл бағытта әкімдік, мектеп және учаскелік полиция инспекторының бірлескен жұмысы жүргізілуде. Округтегі криминогендік жағдай жақсы, құқық бұзушылық фактілерінің төмендеуі байқалады. Елді мекендер жеткілікті жарықтандырылған, көшедегі бейнебақылау камералары бар. Округ бойынша барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындарда 76 бейнебақылау камералары бар. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты ашу мақсатында округте көшелерді жарықтандыру және көшедегі бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жалғасатын болады. Жағдайы нашар отбасылар бойынша жағдай жақсарды, есепте тұрған тұрмысы нашар отбасылардың саны 2-ден 1-ге дейін азайды. Осы бағытта түсіндіру сипатындағы әңгімелер үнемі жүргізіліп, жұмысқа орналастыру мәселелері шешілуде.
Округте құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберінде қойылған міндеттер:
- Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау және қолдау;
- Құқық бұзушылықтар санына жол бермеу;
- Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.
Верненка ауылдық округінің әкімі А. Дүйсембаева