
«Тереңкөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық жағдайларын болдырмау және айқын, әділ жұмыс үшін жағдай жасау бойынша үздіксіз жұмыс жүргізілуде. Бөлімде сенім телефоны (21-5-00), азаматтардың өтініштері мен шағымдарына арналған жәшік орнатылған. Одан басқа, бөлім қызметкерлерімен жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауы бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі.
2021 жылғы 2 айда Тереңкөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен:
8 өтініш қаралды, оның ішінде: жеке тұлғалардан - 4 өтініш және заңды тұлғалардан – 4 өтініш. Барлық өтініштер заңнамамен бекітілген мерзімде қаралды.
Бөлім 3 мемлекеттік қызмет ұсынады және 1 мемлекеттік қызмет көрсетуде қатысады. 2021 жылдың қаңтар – ақпан айлары мерзімінде мынадай қызметтер ұсынылды:
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау бойынша анықтама беру» - 12 өтініш;
- «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» - 11 өтініш;
- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» - 9 өтініш;
«Тереңкөл ауданының құрылыс, сәулет және
қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі