
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау мақсатында 2021 жылғы 10 ақпанда ZOOM бейнебайланыс режимінде Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерін жария талқылау өткізілді.
Отырыстарда Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, әкімдіктің дербес бөлімдерінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есептер тыңдалып, талқыланды.
Отырыстарға мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қызмет алушылар, мүдделі жеке және заңды тұлғалар қатысты.
Жария талқылау қорытындысы бойынша барлық ақпараттар назарға алынды және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін тиісті ұсынымдар берілді.
Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты