Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның бір бөлігін қаржы компанияларының басқаруына бергім келеді. Қайда хабарлассам болады?

Салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі белгілеген төмендегідей қосымша талаптарға сәйкес келетін басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға бере алады:
 клиенттердің активтерін басқарудың жеткілікті тәжірибесінің болуы;
 соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижелерінің болуы;
 меншікті капиталының жеткілікті болуы, оның ішінде басқарушы компанияның зейнетақы активтері бойынша табыстылығы жетіспейтін салымшыларға ықтимал өтеуі үшін капиталының болуы;
 бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер бойынша айла-шарғы жасау деректерінің болмауы;
 басқарушы компания иелерінің құрылымында ірі акционердің болуы;
 НҚА белгілеген басқа талаптар.
Агенттік ай сайынғы негізде зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген жеке басқарушы компаниялардың тізілімін қалыптастыратын болады.
Басқарушы компанияны таңдауды осы тізілімге енгізілген компаниялар тізбесінен БЖЗҚ салымшысының өзі тікелей жүзеге асыратын болады.
Салымшы зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға беру мақсатында БЖЗҚ-ға жеке өзі немесе БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы тиісті өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен (өзі жүгінген кезде) хабарласуы тиіс.
Жеке басқаруға беруге жататын зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ның кастодиан банктегі шотына есепке алу және сақталу үшін аударылады, осы банк және жеке басқарушы компания мен БЖЗҚ арасында үш жақты кастодиандық шарт жасалады.
Таңдалған басқарушы компания қызметінің нәтижелеріне қанағаттанбаған жағдайда салымшылардың өз жинақтарын басқа басқарушы компанияға аудару немесе ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару құқығы сақталады.
Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін азаматтардың инвестициялық кірістері ескерілген зейнетақы жинақтары ҚРҰБ басқаруына қайтарылады (егер олар осы мерзімге дейін басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болған болса) және кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе заңнамада көзделген өзге мақсаттарға пайдаланылатын болады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

 

 

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы