
2021 жылғы 10 қаңтарда Тереңкөл ауданы мәслихаты депутаттарының бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 14467 азамат енгізіліп, оның 13744-і немесе 95 пайызы сайлау бюллетендерін алды.
Дауыс беруге 13744 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 25 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 221 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 3 Саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы-11546 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 82% - ы;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-1129 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 8,2% - ы;
«ADAL» саяси партиясы – 923 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 6,7%.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:
«Nur Otan» партиясы-10 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-1 мандат.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы