Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туды пайдалану жөніндегі өзгерістер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 801 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы  2 қазандағы          № 873 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Мемлекеттік Туды пайдалану саласы заңнамалық түрде кеңейтілді. Атап айтқанда, енді ҚР Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын осы Қағидаларға сәйкес орналастыру кезінде заңды тұлғалар бір қабатты және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлік нұсқада ғимараттың сәулеттік ерекшеліктерін ескереді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс екенін ескеру қажет. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік туды ұлттық стандарт талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туында белгіленген нысан, мөлшер мен техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкессіздіктер болып табылады. Мемлекеттік Ту ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және жойылуға тиіс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дайындауға лицензиясы бар ұйымдар мен кәсіпорындар ғана мемлекеттік туды дайындауға құқылы.

 

 

ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитетінің

Павлодар облысы бойынша департаменті

Дата публикации
08 января 2021
Дата обновления
08 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы