
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2020 жылғы 16 қарашада ZOOM бейнебайланыс режимінде Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2019 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерін көпшілік алдында талқылау өткізілді.
Отырыстарда Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, әкімдік бөлімдерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есептер тыңдалып, талқыланды.
Отырыстарға мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қызмет алушылар, мүдделі, жеке және заңды тұлғалар қатысты.
Көпшілік алдында талқылау қорытындысы бойынша барлық ақпараттар назарға алынды және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін тиісті ұсынымдар берілді.
Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты