
1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 1-тармақшасының 6-тармағына сәйкес Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданының № 305 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы қызметінен Мельникова Лия Рашидовна өз тілегі бойынша босатылсын. 1991 жылы туған,білімі орта арнаулы, Л.Р. Мельникова, Арман Жексембайұлы Бапанов шығып қалған Мельникованың орнына № 305 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы болып тағайындалсын.
2. Тереңкөл ауданының № 322 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы міндетін Нұркенова Ақмарал Қасенқызы денсаулығына байланысты босатылсын. Шығып қалған А.К. Нұркенова, 1985 жылы туған Ризагүл Қайырбекқызы Дүйсембаева, білімі арнаулы орта, № 322 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы болып тағайындалсын.
3. Учаскелік сайлау комиссияларының тағайындалған мүшелерінің өкілеттік мерзімі аудандық мәслихат учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлағанға дейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес есептелсін.
Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Е. Мартыненко
Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы
А. Әріпбаева