
1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 1-тармақшасының 6-тармағына сәйкес Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданының № 316 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен Тембаева Қызылгүл Еркебұланқызы өз тілегі бойынша босатылсын. Шығып қалған К.Е. Тембаеваның орнына 1991 жылы туған,білімі жоғары Қайрат Талғатұлы Қыдыралинов № 316 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалсын.
2. Тереңкөл ауданының № 321 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен Абраева Гүлдана Қуанышқызы өз тілегі бойынша босатылсын. 1997 жылы туған, білімі орта арнаулы, Н.К. Абраева, Гүлжан Берікқызы Булқайырова орнына № 321 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалсын.
3. Учаскелік сайлау комиссияларының тағайындалған мүшелерінің өкілеттік мерзімі аудандық мәслихат учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлағанға дейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес есептелсін.
Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Е. Мартыненко
Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы
А. Әріпбаева