
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Дәл осы күннен бастап Сіздің жұмыс берушіңіз Сіз үшін ай сайынғы табысыңыздың 5 пайызына тең жарна төлеуге міндетті болған. Айта кету керек, жұмыс берушілер МКЗЖ-ны зиянды (аса зиянды) өндіріс түрлері бойынша және сол өндірістерде қызмет ететін адамдарға ғана төлейді.
Бұл ретте төлемдер нақты жүргізілген және қызметкер кіріс алған жағдайда жұмыс беруші уақытылы есептемеген және аудармаған МКЗЖ сомаларын Мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе жұмыс беруші МКЗЖ төленетін қызметкерлердің пайдасына уәкілетті орган белгілеген есептелген өсімпұлмен әрбір кешіктірілген күнге (Мемлекеттік корпорацияға төленетін күнді қоса алғанда) аударуға тиіс. Жоғарыда көрсетілгенге сәйкес есептелген МКЗЖ мен өсімпұлдың толық және уақытында төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады. Бұл ретте қызметкердің пайдасына аударылған МКЗЖ қызметкердің БЖЗҚ-да МКЗЖ есепке алу үшін ашылған ЖЗШ-сы бар болған жағдайда, БЖЗҚ-дағы қызметкердің жеке зейнетақы шотына аударылуы мүмкін екендігіне назарыңызды аударамыз. Ал МКЗЖ-ны есепке алу бойынша ЖЗШ БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша салымшы жазған өтініш негізінде ашылады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz