
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бүгінде мемлекет қызметіндегі басты, ең басым бағытқа айналды. Бүгінгі таңда біздің қоғам алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың өсуін төмендету жолдарын іздестіру және олардың алдын алудың тиімділігін арттыру болып табылады. Қадағалаусыз қалу мен құқық бұзушылықтың алдын алу – бұл кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтарына және қоғамдық әрекеттеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған әлеуметтік, құқықтық, педагогикалық шаралар жүйесі. Кәмелетке толмағандармен және олардың отбасыларымен жеке профилактикалық жұмыстармен бірге жүзеге асырылады.
Бобровка ауылдық округінде жағдайы төмен 5 отбасы бар, онда 17 бала, оның ішінде 1 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады, 1 отбасы толық емес. Ерте профилактиканың негізі – балалардың қалыпты дамуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау, белгілі бір жастағы оқушыларда пайда болатын типтік дағдарыстық жағдайларды уақтылы анықтау.
Бобровка ауылдық округінде отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия жұмыс істейді, оған Бобровка ауылдық округі әкімі аппаратының өкілдері, учаскелік полиция инспекторы және медицина қызметкері кіреді. Комиссия қажеттілігіне қарай толық емес және қолайсыз отбасыларға барады. Мұндай отбасыларды аралау барысында ата-ана міндеттерін тиісінше орындау туралы жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың жай-күйін, тәрбиені, оқытуды, спирттік ішімдіктерді асыра пайдалануға, балаларды қатыгездікпен қарауға жол бермеу туралы бақылайды, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде болу, кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін өткізу фактілерін анықтау.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қызметті жандандыру мақсатында ауылдық округ мектептерінде жұмыс жоспарлары әзірленді.
«Бобровка ЖОББМ» ММ келесі іс-шараларды өткізді: 9-11 сыныптармен «Адамдар әлемінде қалай өмір сүру керек» тақырыбында онлайн әңгіме. Мектеп психологы ата-аналармен «Ата-аналардың балалармен қарым-қатынасы және олардың баланың моральдық қасиеттерінің дамуына әсері» тақырыбында онлайн дәрістер өткізді, 1-4 сыныптармен «Балаларға құқық туралы», «Мен және көше» тақырыбында онлайн әңгіме, 5-11 сыныптармен «Қатыгездік әлемінде» тақырыбында онлайн әңгімелесу, сондай-ақ ауылдық кітапханашы «Дені сау ұлт - мықты мемлекет» тақырыбында кітап көрмесін өткізді.
Барлық жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар ауылдық округте құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
«Бобровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ