
Тереңкөл аудандық мәслихатының «Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы «Тереңкөл ауданы бойынша 2019 – 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» № 1/46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы «Тереңкөл ауданы бойынша 2019 – 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» № 1/46 шешіміне өзгерістер енгізу.
Шешім жобасы 2020 жылғы 5 қазаннан ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған, https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2587006&type=2.