
Тереңкөл ауданында Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңын орындау үшін Тереңкөл ауданында өз қызметін әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы жүзеге асырады.
Комиссия құрамына аудандық мәслихат депутаттары, полиция бөлімі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет бөлімдерінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Әкім аппаратында штаттық лауазымдағы бас маман комиссия хатшысы болып табылады.
Комиссия жұмысының негізгі мақсаты отырыстарды өткізу арқылы жүзеге асырылатын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамту болып табылады.
Комиссия отырыстары Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Бала құқығы туралы» заңдары, Қазақстан Республикасының «Неке қию (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі негізінде әзірленген жыл сайынғы жұмыс жоспарына, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы туралы типтік Ережеге сәйкес жүргізіледі.
Отырыстар қажеттілігіне байланысты міңдетті түрде бір ай ішінде 2 реттен кем емес кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің, білім беру, деңсаулық сақтау ұйымдарының және полиция болімі өкілдерінің қатысуымен, сонымен қатар прокурорды шақыруымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Комиссияда қадағалаусыз кәмелетке толмағандарды, құқық бұзушылыларды, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия есебінде тұрғандар, мектепішілік және колледжішілік бақылауда тұрғандарды тіркейтін бірыңғай ведомствоаралық мәліметтер банкі бар.
Есепте тұрған барлық аз қамтылған отбасылар мен кәмелетке толмағандарға жинақтау папкалары толтырылған. Бақылауда тұрған кәмелет жасына толмағандардың қатысушылығына, үлгеріміне, сабақтан тыс уақытта қамтушылығына тұрақты бақылау жүргізіледі.
Мектепішілік бақылауда 14 оқушы тіркелген, колледжішілік бақылауда – 2, КТТ-да тұрған балалар – 6. Тәуекел тобында 28 оқушы, суицид тәуекелінде 10 кәмелетке толмағандар. 346 бала 266 отбасыларда өгей ана мен өгей әкенің тәрбиесінде.
Жүйелі қоғамдық тәртіпті бұзатын жасөспірімдер Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласы облыстық мамандандырылған мектеп интернатына жолданады.
Аз қамтылған отбасыларымен алдын алу жұмыстары күшейтілді, жыл басынан бастап ҚРӘҚКо-нің 127-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін аудандық сотқа ұсынылған 17 әкімшілік іс құрылды.
2020 жылғы 1 қыркүйек бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы базасының деректері бойынша 40 жанұя есепте тұр, оның ішінде 118 бала (34 – мектеп жасына дейінгілер, 77 - мектеп жасындағылар, 7 колледж студенттері), сонымен қатар 21 отбасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясы алдын-алу тіркеуінде тұр.
2020 жылғы 9 айда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 14 отырысы өткізілді, онда 47 материал қаралды, онда:
жоспар бойынша -29 (онда 1-і көшпелі комиссия - 2);
18 дербес іс қаралды, соның ішінде: кәмелетке толмағандарға қатысты –3, ата-аналарға қатысты – 15.
мектеп директорларының ұсынымхаты бойыша – 3;
жергілікті полиция қызметінің қолдаухаты бойынша – 15;
Комиссиямен мүдделі органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында суицид көріністерін, тұрмыстық зомбылық және балаларға қатысты қатал қарауын, балалар травматизмін алдын алу бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленіп жүзеге асырылуда. Тереңкөл ауданының прокуратурасымен, полиция болімімен, білім беру бөлімімен, ШЖҚ «Тереңкөл ауданының ауруханасы» МКК-мен, аудандық сотымен, ауданның ішкі саясат бөлімімен және әділет басқармасымен бекітілген кәмелет жасына толмағандардың арасында қылмыс жасау мен құқық бұзушылықтың алдын алу және қадағалау бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде бірлескен жоспар бар.
Аудан мектептерінде ата-аналарымен отбасылық тәрбие, салауатты және қауіпсіз тәрбиелеу, еңбек ету және демалу жағдайларын құру, мектеп және ата-аналар қоғамдығы аралығында ынтымақтастық саласында психологиялық-педагогикалық білімін меңгеру бойынша ағарту жұмысы жүргізілуде.
Оқу орындарына қатыспайтын балалар мен жасөспірімдер туралы мәліметтерді құрайтын сабақтарға қатысу жөнінде ай сайынғы мониторинг, сонымен қатар кәмелетке толмағандар қатысуымен қылмыс және уақиғалар туралы, балалар травматизмі мен өлімі, олардың себептері мен шаралары туралы мәліметтер туралы мониторингі жүргізілуде. Осы отбасыларымен профилактикалық сипаты түрінде кәмелетке толмаған балаларды, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын анықтау жөнінде және қажеттілік жағдайда есепке алу жұмысы жүргізіледі. Осыдан басқа, осы мониторинг деректерін жүргізу кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне дер кезінде шаралар қабылдауға, сонымен қатар балаларды оңтайлы түрде оқытуға мүмкіндік береді.
Осыдан басқа, балалардың тұрғын жерлерін анықтау және тәрбиелеуден бас тартқан ата-аналарға қатысты шаралар қолдану жөнінде тиісті мемлекеттік органдарымен ведомствоаралық қарым-қатынасты үйлестіру мақсатында Комиссия кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу, заңды мүдделерін жою туралы, сондай-ақ аталған отбасылардың тұрмыстық жағдайларына бақылау жүргізеді.
2021 жылы әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған отбасыларын және оларға әлеуметтік оңалту көрсетуді анықтау мәселелерін шешу және жұмысты жалғастыру қажет. Кәмелетке толмаған балалардың тәрбиелеуіне, күтіміне және оқуына ата-аналарының жауапкершілігін күшейту мәселелері қатаң назарға алуды талап етеді. Алдын алу жұмысын 1-4 сыныптардағы, мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізу қажет. Құқыққа қарсы әрекет жасаудың алдын алу мақсатында құқықтық тақырыпта олармен дәріс, сұхбат жүргізілсін.
Ауданның әйелдер консултациясында жүкті әйелдермен, болашақ аналармен олардың әлеуметтік қолайсыздығы анықталған кезде алдын алу жұмыстарын жүргізуді бастау.
2019 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» № 594 Заңына медициналық-әлеуметтік есепке алу 19-6 баппен толтырылды.
1. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары жүргізілетін адамдарға медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, оларды бейімдеу және оңалту мақсатында жүзеге асырылады.
2. Медициналық-әлеуметтік есеп алуды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Ішкі істер органдарының есепке алу туралы хабарламасы медициналық-әлеуметтік есепке қоюға негіз болып табылады.
3. Медициналық-әлеуметтік есепке алу адам өмірлік қиын жағдайдан шығуына дейін, бірақ кемінде жеке алдын алу шараларын жүргізу кезеңінде жүзеге асырылады.
«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы-бас маман Таңмұрзина Ә.Е.