
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, жеке кәсіпкерлерді және заңды тұлғаларды фитосанитариялық есептілікті белгіленген мерзімде уақтылы тапсыру қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау саласындағы міндеттер
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 14-5-бабына сәйкес мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар келесі міндеттерді орындауға міндетті:
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу және зиянды әрі аса қауіпті зиянды организмдердің экономикалық зияндылық шегінен жоғары дамуы мен таралуына жол бермеу;
2) пестицидтердің айналымы саласындағы қауіпсіздік талаптарын техникалық регламенттерге сәйкес сақтау;
3) фитосанитариялық есеп жүргізу және уәкілетті орган ведомствосына есептілік ұсыну;
4) пестицидтерді тіркеу (шағын телімдік және өндірістік) сынақтарын белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізу;
5) пестицидтерді залалсыздандыруды қамтамасыз ету және арнайы қоймаларды (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстау;
6) лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын талаптарды сақтау;
7) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамаларын орындау;
7-1) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
8) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдем көрсету.
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес, фитосанитариялық есептілік мемлекеттік бақылаудың маңызды құралы болып табылады. Ол ауыл шаруашылығы алқаптарының, қойма объектілерінің және карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жағдайына мониторинг жүргізуге, сондай-ақ карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің таралуын уақтылы анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.
Есептілікті уақтылы тапсырмау, белгіленген мерзімдерді бұзу немесе жалған мәліметтер ұсыну қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау болып есептеледі және белгіленген тәртіппен жауапкершілікке әкеп соғады.
Фитосанитариялық есептілікті уақтылы және дұрыс тапсыру фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, өнімді сақтаудың және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың маңызды шарты болып табылады.
Осыған байланысты өсімдік шаруашылығы өнімін өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есептілікті белгіленген мерзімде уақтылы тапсыруға міндетті.
Есептілік мына мекенжай бойынша қабылданады:
Тереңкөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 234, Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы,
сондай-ақ электрондық пошта арқылы: akhmetov.a.@minagri.gov.kz
Анықтама үшін:
ГУ «Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі»
Байланыс телефондары:
жұмыс телефоны: 8 (71833) 24-7-28
ұялы телефон: 8 771 801 23 00
«ҚР АШМ АӨК МИК Тереңкөл аудандық
аумақтық инспекциясы» ММ