Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Интернет-дүкен арқылы өнімді сатуды қалай бастау керек

Электрондық сауда деп тауарларды интернет-дүкен немесе интернет-алаң арқылы өткізу жөніндегі қызмет түсініледі.
Интернетте бизнес құру бойынша ұсыныстар:
1) бизнес-жоспар құрыңыз;
2) инвестицияны тартыңыз, бастапқы капиталды табыңыз;
3) интернет-дүкен үшін веб-сайт жасаңыз. Оған қойылатын талаптарды жазыңыз, шамамен аналогтарды таңдаңыз және профильді веб-студияларға хабарласыңыз, олардың қызметтерінің құнын алдын-ала зерттеп, өзіңіздің даму бюджетіңізбен салыстырыңыз;
4) жеке кәсіпкер (ЖК) немесе заңды тұлға ретінде тіркеліңіз;
5) салық органына электрондық сауда саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаңыз;
6) Логистика туралы ойланыңыз, яғни тауарларды сатып алу, оларды сақтау және жеткізу;
7) адамдарды жалдаңыз және олардың жұмысын ұйымдастырыңыз;
8) интернет-дүкенді (онлайн және офлайн) ілгерілету бойынша іс-шаралар өткізіңіз);
9) әрқашан тұтынушылардың құқықтары мен сатушы ретіндегі міндеттемелеріңізді ұмытпаңыз.
Онлайн сауда-саттыққа қойылатын талаптар:
- тауарлар жеке тұлғаларға сатылады;
- мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылады;
- төлем нысаны қолма-қол ақшасыз болуы керек;
- тауарларды жеткізу қызметінің, жеке не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен шарт бойынша болуы.
Сіз ЖК немесе ЗТ ретінде тіркелгеннен кейін, сіз орналасқан жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (салықтық) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғаны туралы хабарлауыңыз қажет.

 

Дата публикации
24 сентября 2020
Дата обновления
24 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы