Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Электрондық сауданы заңнамалық қамтамасыз ету

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 2 сәуірінде бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заң қабылданды. Онда электрондық сауданы одан әрі дамыту жөніндегі жүйелі шаралар қарастырылған.
Атап айтқанда, электрондық коммерция ұғымы заңнамалық деңгейде бекітілген. Ол тауарлар мен қызметтер саудасын қамтиды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау институты күшейтілді. Енді сатып алушы электрондық саудада әдеттегі саудадағыдай шамада қорғалған. Тауарларды экспортқа декларациялау тәртібі оңайлатылды. Сондай-ақ, электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің шектері айқындалды.
Онлайн сауданы ынталандыру үшін 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері қарастырылған. Оларды алуға бизнес субъектілерінен 509 өтінім берілді. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту үшін онлайн БКМ және ERP жүйесін сатып алуға жұмсалған шығындар салығын төлеу есебінен мемлекеттің өтеуі бойынша салықтық ынталандыру көзделген. Өтеу 2 жыл ішінде 120 мың теңгеге дейін көзделген. Жедел төлемдерді дамыту үшін Ұлттық банк ұялы телефонды төлем құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жоба енгізді. Бүгінде жобаға 3 банк қатысады, тағы 10 банкті осы жылдың соңына дейін қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Қазпочта» АҚ 4 «Е-commerce» орталығын құрды, онда онлайн-сауданы жүргізу және интернет-дүкендерді нөлден құру бойынша 1500-ден астам бизнес өкілдері оқытылды. Цифрлық және қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыстарды қаржы, ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, «Атамекен» ҰКП және «Қазпошта» АҚ жүргізуде. «Атамекен» ҰКП сервистік қолдау аясында интернетте бизнес жүргізу бойынша 15 мың ШОБ субъектісі оқытылды. Биыл тағы 20 мың кәсіпкер оқытылады.
Қолжетімді және жоғары технологиялық инфрақұрылымның болуы электрондық сауданы дамытудың маңызды факторлары болып табылады. Сондықтан 2 сәуірдегі заңмен экспортқа тауарларды декларациялау тәртібі жеңілдетілді. Енді пошта құжаттары декларация ретінде танылады. Қазақстан арқылы үшінші елдерге өткізілетін тауарлар транзитін ұлғайтуға бағытталған түзетулер бар. Заңнамалық деңгейде «Фулфилмент орталығы» ұғымы және оның қызметі логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынады – тауарларды қабылдау мен сақтаудан бастап түпкілікті тұтынушыға жеткізуге дейін. Электрондық коммерцияны дамыту сауданың, транзиттің және экономиканы дамытудың жаңа драйвері болып табылады.
Көзі: https://strategy2050.kz/

Дата публикации
24 сентября 2020
Дата обновления
24 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы