
Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің «Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының аумағында карантин белгілеу туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қыркүйектегі № 1-13/124 ұсынысы негізінде әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының аумағында карантин белгілеу болып табылады.
Шешім жобасы 2020 жылғы 21 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.