Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Облыстық Палата эксперттері 7 жыл ішінде Павлодарлық кәсіпкерлерлдің 6 млрд. теңгеден астам қаражаттарын сақтап қалуға көмектесті.

Жеті жыл ішінде Павлодар облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бағыты бойынша жеке меншік субъктілерінің 3000 нан астам жолданымы келіп түсті. Палата эксперттері жеке кәсіпкерлерінің 6 млрд. теңгеге жуық сомасын қорғап қалды.

Қазіргі таңда әрбір кәсіпкер оның жеке құқығы бұзылған уақытта кез келген уақытта Палатаға көмекке жүгінуге болатынын жақсы біледі.
Бірақ та, бір уақыттарда бизнесмендерге шешімін таба алмай келе жатқан өзекті деген мәселелерін өз бетінше оңтайлы шешуге тура келетін. Бұл жерде, әрине мәселенің шешілмей қалған жағдайлары да кездесті.
Ал енді 2013 жылы кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының құрылуымен бұл жағдай түбегейлі өзгерді.
Бұл туралы Павлодар облыстық кәсіпкерлер Палатасының директоры міндетін атқарушы Олег Круг айтып берді.
« Осы күні «Атамекен» ҰКП –ның құрылғанына 7 жыл толып отыр. Бұл уақыт аралығында үлкен жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта Палата бизнестің сенімді де белсенді серіктесіне айналып отыр. Туған күні әдеттегідей қорытынды жасап, алдағы уақытқа жоспар құру жақсы жәстүрге айналған. Оған қолда бар цифрлар жақсы дәлел болып отыр. Үстіміздегі жылы ғана бизнесті қорғау бағытында кәсіпкерлердің 6 млрд теңге сомасына құқықтарын қорғап қалуға мүмкіндік туды. Қарапайым цифрлар астарында әрине сақталып қалған жұмыс орындары, төленген салықтар, өндірілген өнімдер, бизнестің әрі қарай жұмыс жасауы жатыр. Атап айтқанда, кәсіпкерліктің қыр- сырының негізін үйрететін «Бизнес- Мектепте» 5 мыңнан астам тыңдаушы арнайы тегін оқудан өтті. Орталық қызмет көрсету кеңесшілерімен кәсіпкерлерге 11 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетілді»,- деп атап өтті Олег Круг.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз жұмысын сонау 2013 жылы 9 шы қыркүйекте бастады.Сол кезде ҚР Үкіметінің шешімімен «Атамекен Одақ» құрылған болатын.
2015 жылғы 27-ші наурыз күні аталмыш палата «Атамекен» Қазақстан Республикасыкәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы ресми түрде қайта тіркелді.
«Қазір шағын орта бизнес субъектілерін, жалпы елдегі бизнесті қолдау жайлы, бизнес орта жайлы көп айтылып жатқан уақытта Палатаға үлкен көңіл аударылуда. «Атамекен» Ұлттық палатаны құру барысында бизнес-қауымдастық ұйымы моделі негізге алынды. Аталмыш модель шетелдегі Франция мен Германияда жасалған. Бүгінде бұл үрдіс көптеген еуропа мемлекеттерінде табысты қолданылуда.
Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес мүдделерін қорғайды. Сонымен қатар барлық кәсіпкерлік салаларын қамтуда. Оның ішіне ішкі, сыртқы сауда кіреді. «Атамекеннің» басты міндеті – бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау, заңнамалық және басқа да нормативтік бизнес тің жұмыс ережелерін құру процесіне тарту.
Кәсіпкерлер қауымының күнделікті жұмыста кездесетін өзекті деген мәселелерін талқылауда Палата эксперттерінің айтуынша, ірі бизнеске ең ауқымды проблемалар кездеседі.Мысалы, заң шығару мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуне қатысты.
Ұсақ және орта бизнес өкілдері жер қатынастары, сәулет, салықтық, сатып алу салаларындағы, мемлекеттік органдардың іс- әрекеттеріне жиі шағымданады.
Бұл жерде ірі өнеркәсіп орындары өз шаттында мықты заңгерлер мен экономистерін ұстауға мүмкіндіктері бар. Бұл үлкен роль ойнайды. Осыған орай, оларға палатаның көмегіне жүгінбейді.
Ал шағын, орта бизнесте жағдай басқаша. Кәсіпкерлер қаржылық тапшылығынан штаттарында заңгерлер мен экономистерді ұстай алмайды.
Одан басқа Палата кәсіпкерліктің негізіне оқытумен қатар, жобаларына болысып,қаржылық емес қолдау танытып, жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерінің жылжуына, өтіп кетуіне көмек көрсетеді. Өңірдегі кәсіпкерліктің тынысын кеңейтіп, жұмыссыздықтың алдын алуда «Бастау» жобасы үлкен рөл атқарады. Аталмыш жоба 2017 жылы ашылды.Осы уақыт ішінде «Бастау» да 7 мың кәсіпкерлер білім алып шықты. Биылғы жылы «Атамекен» жаңа деңгейге көтерілді. Бизнес пен өкіметтің арасындағы диалог алаңы кәсіпкерлікті қолдауда үлкен мүмкіндіктер ашты. Биыл ол жаңаша жұмыс жасап,Аймақтық Кеңестерге сайлаулар өткізілді.Оған жас кәсіпкерлер де қатысты.
Павлодар облысында дауыс беруге 6 мыңнан астам кәсіпкерлер белсенді қатысқанын айтып өту керек. Сөйтіп, аймақтық кеңеске 30 үміткер өтті. Барлық кәсіпкерлерге еңбекте қомақты табыс, зор денсаулық, тұрақтылық тілеймін,»деп атап өтті Олег Круг.

 

Дата публикации
10 сентября 2020
Дата обновления
10 сентября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы