Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы капиталыңызды ЕЗЖ есебінен қалай көбейтуге болады?

1) Ерікті зейнетақы жарналары мұраға беріле ме?

          Зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинағы Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын мұраға беру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған кезде немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтай алмаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда мұрагерлік заң күшіне енеді.

         2) Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылығы неде?

Азаматтар ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз қалауы бойынша төлейді, олардың мөлшері мен кезеңділігін дербес белгілейді. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін де алушы БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды. Бұл жарналардың осы түрінің көп артықшылықтарының бірі ғана. Сондай-ақ, салық заңнамасында жеке тұлғаның ЕЗЖ-ны өз табысы есебінен төлеген кезде төленетін сомаға салық шегерімі көзделген.

Жұмыс берушілерге келетін болсақ, олар да салықтық жеңілдіктерге ие болады. Мәселен, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салықтық жеңілдіктерге ие болады.

3) Ерікті зейнетақы жарналары инвестицияланады ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға бола ма?

 Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдің түрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады.

Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу - ЕЗЖ-нің тағы бір артықшылығы.

Дата публикации
15 апреля 2025
Дата обновления
15 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы