
Тереңкөл ауданы әкімдігінің «2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулы жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Тереңкөл ауданының ұйымдарында жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.
Қаулы жобасы 2020 жылғы 1 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.