Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Telegram-бот арқылы мемлекеттік қызметтерді алу

Халықтың мемлекеттік қызметтерді алу үшін мемлекеттік мекемелерге міндетті түрде баруын болдырмау мақсатында, бүгінгі күнге мемлекеттік қызметтер 80% онлайн түрде қолжетімді.

Оларды egov.kz «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады «eGovMobile» қосымшасында, «Telegram» (@Kenes1414Bot) мессенджерлері мен «Facebook» және «ВКонтакте» әлеуметтік желілері арқылы чат-боттардың көмегімен.

Осылайша, «Telegram» мессенджерінде чат-бот арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін «Telegram» қосымшасын іске қосу қажет, іздеуде @EgovKzBot енгізу, «Страт» басу, қажетті қызметті, оның параметрлерін таңдау және алынған SMS-код арқылы сұранысты растау, содан кейін «Telegram-бот» қызметінің мәртебесін тексеру қажет.

Анықтаманы «WhatsApp» арқылы жүктеп, электрондық поштаға жіберуге болады.

Сондай-ақ «Telegram-бот» ХҚКО-да кезекті брондау мүмкіндігі бар. Бұл үшін басты шарттар «Мобильді азаматтар базасында» тіркелу және қызмет алушының телефонында «Telegram» қосымшасының болуы болып табылады.

«Мобильді азаматтар базасында» «Электрондық үкімет» порталында виртуалды ассистент көмегімен тіркелуге болады.

ХҚКО-на кезекке қою үшін пайдаланушы менюден «ХҚКО-да кезекті брондау» таңдау қажет. Жүйе өңірді, ауданды және ХҚКО-ны таңдауды ұсынады, онда сізге мемлекеттік қызметтерді алу, бару мақсаты, ыңғайлы күні мен уақыты ыңғайлы. Барлық қадамдар өткен соң, азаматқа көрсетілетін қызметті алушының ЖСН, күні, уақыты және таңдалған ХҚКО мекенжайы көрсетілетін SMS келеді. Бұл SMS-хабарлама ХҚКО-ға барған кезде кезекті брондауды растау болып табылады.

Қазіргі уақытта «Telegram-бот» арқылы мемлекеттік қызметтер мен сервистердің 28 түрі қолжетімді. Олардың ішінде ең танымал болып дәрігерді үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т.б. табылады.

 

Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты

 

Дата публикации
12 августа 2020
Дата обновления
12 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы