
«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ заң қызметі азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 8 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
1) «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
2) «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
3) «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
4) «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
5) «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»;
6) «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»;
7) «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»;
8) «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру».
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру баламалы негізде көрсетілетін қызметті беруші, «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат алу үшін Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі 88а мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8(71833) 21460 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ