Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Егер сіздің балаңыз отпен ойнауға құмар болса

Көптеген балалар, әсіресе, ер балалар белгілі бір уақытта сіріңке немесе тұтандырғышпен ойнауға әуес болады.

Балалар түрлі себептер бойынша өрт шығаруы мүмкін. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ:

Балалардың отпен ойнауға құмартып әуес болуы дүние тани бастаған бала үшін қалыпты жағдай болып саналады.

Кейбір балалар өздеріне назар аударту үшін өрт шығаруы мүмкін.

Кейде бала өзге баланың әсерінен өрт шығаруы мүмкін.

Кейбір балалар қауіпті ойындарға, оның ішінде өртеуге құмар келеді.

 Балалар көбінесе кішкентай ғана жалынның қауіпті өртке ұласуы мүмкін екенін түсінбейді. Бала отпен ойнауға құмартпауы үшін не істеу қажет

Сіріңке мен тұтандырғышты балалардың қол жетпейтін жерде сақтаңыз. Егер қажет болса, балалар оларды биіктеу жерге қойсаңыз да алуы мүмкін.

Балаларға жалын деген ойыншық емес, ол  тамақ пісіріп, жылу беретін құрал екенін, мұны тек үлкен адамдар ғана пайдаланатыны екені туралы үйретіңіздер.

Балаларыңыздан сіріңке мен тұтандырғышты әперіп жіберуін сұрамаңыз. Балалар үлкендерге қарап, олардың ісін қайталайтынын ұмытпаңыз.

Кішкентай балаларыңызды олардың тауып алған сіріңкелері мен тұтандырғыштарын сіздерге қайтарып беруіне үйретіңіз әрі мұндай жауаптылық көрсеткін үшін оларды мақтап қою қажет.

Отпен ойнау салдарынан болған оқиғаларды назардан тыс қалдырмаңыз, атап айтқанда күйген киім, қалталарында жүрген сіріңкелер мен тұтандырғыштар.

Балаларды үнемі қадағалау қажет, оларды тіпті аз уақытқа да жалғыз қалдырмауға тырысыңыз.

Өрт хабарлағыштарын орнатып, оларды отбасы мүшелерімен бірге үнемі тексеріп тұрыңыз, қуат беретін батареясын жыл сайын ауыстырыңыз.

Балаларды өрт шыққан кезде үйден қалай эвакуациялау жоспарын дайындауға тартып, олармен бірге осы жоспарға сәйкес іс-қимыл жасауға жаттығыңыз.

БАЛАЛАРДЫҢ ОТПЕН ОЙНАУЫНАН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

Естияр балаларға сіріңкені қалай пайдалануды үйретіп, оларға өрт  қауіпсіздігі шараларын үйретіңіз.

Отты тек ересектер болғанда ғана тұтатуға болатынын ескертіңіз.

Кішкентай балалар сіріңкемен өздерінің жатын бөлмесінде ойнауы мүмкін екенін естен шығармаңыз.

Ұйқы кезінде сіз түтін иісін сезбейсіз, өйткені түтін әсерінен қатты ұйықтайтын боласыз.

ӨРТ ШЫҚҚАН ЖАҒДАЙДА «101» ХАБАРЛАҢЫЗ

 

Тереңкөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

 

Дата публикации
23 июля 2020
Дата обновления
23 июля 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы