
Тереңкөл ауданы әкімдігінің «Тереңкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан жерлерін бекіту туралы» қаулы жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда ережелерінің 50-1 тармағына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Тереңкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан жерлерін бекіту болып табылады.
Қаулы жобасы 2020 жылғы 8 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.