Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

7 шілдеде Павлодар облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталды

Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталды. Құжаттарды офлайн нысанда  Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасына (Павлодар қаласы Луговая көшесі 16), немесе онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жіберуге болады.

Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен ӨКП-да аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
  • кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
  • өңірде жария тұлға болу;
  • кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
  • бизнесінің тарихы оң болуы;
  • әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
  • облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
  • Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді.

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан алуға болады.

Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының байланыс телефондары (7182) 66-03-11, 8 701 380 49 90

 

Дата публикации
08 июля 2020
Дата обновления
08 июля 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы