Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Ауылдық округте құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

Құқық бұзушылық – қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Жиі кездесетін құқық  бұзушылық ол интернет  алаяқтық. Интернет  алаяқтардың алдауына жиі зейнет жасындағы азаматтар тап болады. Тұрғындар интернет алаяқтардың алдауына түспеуін алдын алу мақсатында ауылдық округтің учаскелік полиция инспекторымен тұрғындарға  интернет алаяқтары туралы буклеттер мен брошюраларды таратылады. Тұрақты негізде интернет алаяқтары тақырыбын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп, фото есеп жүргізіледі.

         Ауылдық округте құқық бұзушылықтың жиі орын алатыны әкімшілік құқық бұзушылықтың 408-бабын бұзу. Ол ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу. Осы бапты бұза отырып, тұрғындар жеке тұлғаның мүлкіне залал келтіруде. Атап айтқанда, иесіз жүрген үй жануарлары  республикалық маңызы бар Майқапшағай-Омбы жолдарында түнгі уақытта жол көлік апаттарына себепші болады және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Тұрақты негізінде учаскелік полиция инспекторы иесіз жүрген малдардың иелерін анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Иесіз малдардың иелерін анықтау үшін учаскелік полиция инспекторы мен мал дәрігері бірлесе жұмыс атқарады. Мал дәрігері өз кезегінде уақытылы ірі қара малдардың құлақтарына сырға (биркалар) салып есепке алады. Жылқыларға чип салынып есепке алынады.

         Округте тұрғындар арасында мәселелі сұрақтың бірі әкімшілік құқық бұзушылықтың 407-бабын бұзу. Ол жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасы, атап айтқанда, иттерді бос жіберу. Иттер адам өміріне қауіп төндіреді және инфекциялық ауруларды таратушы болып табылуы мүмкін. Оқыс оқиғаларды алдын алу мақсатында заңға сәйкес келесі іс шаралар жүргізілуі тиіс: жануарларды аулау, уақытша ұстау, жансыздандыру және есепке алу.

         Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Учаскелік полиция инспекторымен ауылдық округтің аумағында орналасқан үш мектептің мұғалімдер ұжымы мен оқушыларымен «Қауіпсіз жол», «Алаяқтық» тақырыптары бойынша әңгімелесулер өткізіліп тұрады. 

         Жоғары аталған барлық іс-шаралар ауылдық округте құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

         «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай, тәртіпті сақтап, құқық бұзушылыққа жол бермесек, одан ешкім де ұтылмайды.

 

Байқоныс ауылдық округінің әкімі                            Ж. Кусанов

Дата публикации
14 февраля 2024
Дата обновления
14 февраля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы