
Тереңкөл аудандық мәслихатының «Сот шешімімен Тереңкөл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешімі жобасы (бұдан әрі – шешімі жобасы) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы «Павлодар облысының Качир, Лебяжье аудандарын қайта атау туралы» № 724 Жарлығына сәйкес әзірленді.
Шешімі жобасын қабылдаудың мақсаты Тереңкөл ауданы мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.
Шешімі жобасы 2020 жылғы 29 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.