
Тереңкөл аудандық мәслихатының «Павлодар облысы Тереңкөл ауданының елді мекендерінде жер телімдер үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы «Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы» № 724 Жарлығына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Павлодар облысы Тереңкөл ауданының елді мекендерінде жер телімдер үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақы базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту.
Шешім жобасы 2020 жылғы 6 мамырдағы ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған, https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3828700.