Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу шарттары туралы түсіндіріп беріңізші. Кәдімгі төлемдерден айырмашылығы неде? Бірлескен аннуитет дегеніміз не?

Қазақстандықтар зейнетақы төлемдерін дәстүрлі зейнет жасына толғанға дейін бірнеше жыл бұрын бұрын ресімдей алады. Ол үшін өмірді сақтандыру компаниясымен (ӨСК) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу қажет. Бірақ мұндай шарт жасасу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) салымшысында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын белгілі бір сомадан төмен емес зейнетақы жинақтары болуы қажет.

Төлемдер арасындағы айырмашылық мынада: БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жинақ таусылғанға дейін, ал ӨСК-ден жасалатын төлемдер сомасы сақтандыруға берілген жинақтардың мөлшерінен асып кеткеніне қарамастан, өмір бойы жүргізіледі. Төлемдердің екі түрі де жыл сайын индекстеледі. Тағы бір айырмашылық – төлем алушы қайтыс болған жағдайда, оның туыстары БЖЗҚ-да сақталатын зейнетақы жинақтарын мұрагерлікке алуға құқылы. Ал ӨСК-ге берілген жинақты мұраға алу қарастырылмаған. Алайда  зейнетақы аннуитеті шартында кепілдік кезеңі болған жағдайда, ол аяқталғанға дейін сақтандыру төлемдерін қайтыс болған адамның мұрагері алатын болады.

Қаражат жетіспеген жағдайда жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіріп, екі зейнетақы аннуитеті шартын ресімдеуге болады. Бірлескен аннуитет – бұл Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын және бір мезгілде сақтандырылған екі сақтанушының (сақтандырылушының) зейнетақы аннуитеті шартына қатысуын білдіретін өнім. Біріккен зейнетақы аннуитетінің классикалық түрден айырмашылығы – зейнетақы жинақтарын біріктіруге және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша түскен кірістерді қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
13 декабря 2023
Дата обновления
13 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы