
Борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
Тез бұзылатын мүлікті тыйым салынғаннан кейін және тізімдеме жасалғаннан кейін атқарушылық іс жүргізу тараптарының білдірген еркіне қарамастан, сот орындаушысы комиссия шарты бойынша сауда қызметінің субъектілеріне дереу сатуға тапсырады.
Егер маман тыйым салынған мүлік сату кезінде құнды болып табылмайды және өтімді емес деген қорытынды берсе, осы мүлік өткізуге берілмейді.
Құрамы бойынша біртектес мүлікті өткізген кезде ол сот орындаушысының қаулысы бойынша бірыңғай лотпен сатылуы мүмкін.