Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2023 жылғы 21 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ Ашық есік күнін өткізеді. 

Күннің басты тақырыбы: "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар".

Әлеуметтік кодексте зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты қандай жаңалықтар қарастырылған? Бұл жағдайда қандай жаңа тәсілдер қолданылады? Бұл жаңашылдықтардың қандай артықшылықтары бар? Олар іс жүзінде қалай жүзеге асырылады? – осы және өзге де сұрақтарға БЖЗҚ мамандары жауап береді. Нақты мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, енгізілген жаңалықтардың қолданылу тетігін түсіндіреді. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып, қызықтырған сауалдарға жауап береді.

         Ашық есік күні 2023 жылдың 21 қыркүйегінде онлайн-форматта өтеді (10.00 с.; 12.00 с.; 15.00 с.).

         Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдіруші сілтеме (https://us05web.zoom.us/j/6787811702?pwd=SmVDWTEwQnVpZU50VG1EVFFLQnNRQT09) бойынша өтуі керек, содан кейін event-кеңестің нөмірін енгізу қажет: (678 781 1702) және event-кеңестің паролі: (1414)

         "БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары (алушылары) мен Ашық есік күніне қатысуға ниет білдірушілердің барлығын күтеді!

 

Дата публикации
18 сентября 2023
Дата обновления
18 сентября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы