Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Егер мен зейнетақы активтерімді басқаратын компанияның инвестициялық қызметінің нәтижелеріне риза болмасам, оларды ҚРҰБ басқаруына қанша уақытта қайтара аламын?

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес, 01.07.2023 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару мерзімі қысқарды. Яғни, Сіз БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап 1 жыл өткен соң ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш бере аласыз (бұрын мұндай өтінішті зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына алғаш бергеннен кейін тек 2 жылдан кейін ғана беруге болатын).

Егер зейнетақы жинақтары бір ИПБ-ға бірнеше рет аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берген күннен бастап 1 жылдан кейін ғана жүзеге асырылатын болады.

Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару, сондай-ақ, жинақтарды ҚРҰБ басқаруына қайтару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Оны Қор сайтындағы Жеке кабинет арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне өзі жүгінген кезде беруге болады.

           МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару кезіндегі барлық қажетті ақпарат пен қадамдық нұсқаулық www.enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" - "Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару" бөлімінде орналастырылған.

 

Дата публикации
18 сентября 2023
Дата обновления
18 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы