
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оның ветеринариялық өңдеулері туралы ӨИС дерекқорында тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есепке алу бөлігі;
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру-бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) пайдалану арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі, яғни ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді дерекқорға енгізе отырып, құлақ белгісі, таңба және ветеринариялық паспорт беру;
Ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлдері келесі жасқа толған күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей: бұзаулар, қозылар, ешкілер, түйелер – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін; құлындар – төрт айдан бастап (Таврия кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде); асыл тұқымды торайлар, тууға арналған торайлар одан әрі өсіру және өсімін молайту және халықтың шаруашылықтарында ұсталатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткен соң
Ветеринариялық паспорты жоғалған немесе бүлінген кезде ауыл шаруашылығы жануарларын жеке тұтыну үшін сатып алған сатқан сыйға тартқан мұраға қалдырған өлген союды жоғалтқан жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жүгінеді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) бүлінген немесе жоғалған кезде (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін айқындау мүмкін болмаған жағдайда) жануарды басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ветеринариялық паспорттармен және деректер базасымен салыстырып тексеру жүргізілгенге дейін иесі оқшаулайды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізбеу жағдайлары анықталған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізбеу себептерін анықтау туралы акт жасау үшін комиссия құрылады, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру және жүргізу үшін ЖАО бөлімшесіне және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жіберіледі, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабында көзделген материалдарды Комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысына береді.
Аумақтық инспекция " ММ
Тереңкөл ауданы КВК және ҚР АШМ Н"
тел 87183324-3-20