Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Атқарушылық әрекеттер жасалатын жер.

1. Атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат борышкер жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша не оның тұрақты тұратын жері бойынша не жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері не орналасқан жері бойынша ұсынылады.
Егер борышкер заңды тұлға болып табылса, онда атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат тіркелген жері не оның органының (құрылтайшысының) нақты орналасқан жері, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген не орналасқан жері бойынша ұсынылады.
2. Борышкерді белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн атқарушылық құжаттарды орындауды осындай әрекеттер жасалатын жердегi сот орындаушысы жүргiзедi.
3. Жекелеген атқарушылық әрекеттерді жасау және (немесе) мемлекеттік сот орындаушысының өкілеттігі қолданылмайтын аумақта мәжбүрлеп орындатудың жекелеген шараларын қолдану қажет болған жағдайда, ол атқарушылық әрекеттерді жасау және (немесе) мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануды тиісті мемлекеттік сот орындаушысына тапсыруға құқылы.
4. Егер атқарушылық іс жүргізуді орындау процесінде борышкердің атқарушылық құжат ұсынылған мекенжай бойынша жоқ болғаны, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында екені анықталса:
1) мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжатты аумаққа жатқызылуына қарай басқа мемлекеттік сот орындаушысына борышкердің жаңа тұрғылықты жері немесе нақты тұратын жері бойынша, оның жаңа жұмыс орны, борышкер заңды тұлғаның жаңа орналасқан жері бойынша жіберу туралы қаулыны дереу шығарады, бұл жөнінде өндіріп алушыға хабарлайды.
2) жеке сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде атқарушылық құжатты аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына жіберу туралы қаулы шығарады, бұл туралы өндіріп алушыға хабарлайды не онымен келісу бойынша борышкердің тіркелген жері бойынша оның жылжымайтын мүлкін және (немесе) оның орналасқан жері бойынша өзге де мүлікті өткізу үшін өзінің атқарушылық округінен тысқары жерге барып атқарушылық әрекеттер жасауға, сондай-ақ тиісті атқарушы округтің жеке сот орындаушысымен келісу бойынша оған белгілі бір атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы.

Дата публикации
19 апреля 2023
Дата обновления
19 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы