Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ».

2022 жылғы 20 желтоқсанда БЖЗҚ «Ашық есік күнін» «Цифрлық БЖЗҚ» тақырыбында онлайн-форматта өткізеді.

Мақсаты – салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алуы үшін егжей-тегжейлі   таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде қатысушыларға «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме беріледі.  

Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарды жауапсыз қалдырмай, іс-шараға қатысушыларға жеке кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 20 желтоқсанда (10.00 с.), (12.00 с.), (15.00 с.) онлайн форматта өтеді.

          Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша өту қажет (https://us05web.zoom.us/j/83807060364?pwd=VVFGQ01OT1VPZXVtWWxEOXlFN05sQT09). Содан кейін event-кеңестің нөмірін (838 0706 0364) және event-кеңестің құпиясөзін (1414) енгізіңіз.       

         

        

          «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!  

Дата публикации
20 декабря 2022
Дата обновления
20 декабря 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы