Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімін сайлауды тағайындау туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 наурыздағы № 47 қаулысымен Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 12 сәуірге тағайындалды.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы