Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес Тереңкөл аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған Тереңкөл ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешім жобасы әзірленді.
Аталған жоба ашық нормативтік құқықтық акті порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5596423