Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының
№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайланған депутатты тіркеу туралы
хабарлама
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 29 қазандағы № 38 қаулысымен Тереңкөл аудандық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына депутат болып Мұрат Ералыұлы Базарбаев тіркелді. Ол 1989 жылы туған, «Нур Кам Логистик» ЖШС директоры, Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылында тұрады.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы